Аттан (ұран)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аттан (ұран) - жаугершілік заманда тұтқиылдан жау шапқанда дауыстап дабыл беру, яғни елді жауға қарсы дайындалсын деген белгі беру. Сондай-ақ суыт хабарды білдіру үшін айтылатын «атқа мін», «атқа қон» дегенді білдіретін одағай сөз. Бұл көне заманнан келе жатқан, сөзбен айтылатын, дауыспен берілетін әскери дабыл түрі саналған. Жаугершілік заманда, тұтқиылдан жау тигенде, жұртқа хабар беру үшін ұрмалы музыкалық аспаптармен берілетін түрлі дыбыстық дабыл беру құралдарымен бірге, осылай дауыспен айғайлап белгі дабыл түрі ретінде қалыптасты. Осындай төтенше жағдайда ғана айтылатын «белгіні» естіген ер адамдар бөгелместен жедел түрде қару-жарағын асынып, атқа қонып, жауға қарсы шығуға дайын болуы міндеттелген. Барымташы немесе ұрылар мал мен жанның тыныштығын бұзып жылқы қуалаған кезде малшы-қосшылар «Aттaн, Aттaн» деп, айқайлап ауылдағы азаматтарды көмекке шақырған.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Аттан (ұран)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}