Атсуытқан обалары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Атсуытқан обалары - қола және ерте темір дәуірлерінен сақталған ескерткіштер. Қарағанды облысы Шет ауданы Жамбыл кентінен Солтүстік-шығысқа қарай 17 км, Атсуытқан тауының батыс жағындағы кең алқапта орналасқан. 1982 ж. Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ж.Құрманқұлов) зерттеген. Екі үлкен обадай тұрады. диаметрі 10,25 м, биіктігі 2м. Үстіндегі тас пен топырақ үйіндісінің етегі тігінен көмілген қақпа тастармен көмкерілген. Обалардың Оңтүстік және Солтүстік жағы ені 3 м, тереңдігі 1 м, ормен қоршалған, шығысынан және батысынан үйіндіге ені 5 м-ге жуық жол қалдырылған. Босағасы тігінен көмілген биіктігі 2 - 2,5 м сынтастармен белгіленген. Осындай сынтастар ордың сыртқы жиегінде де болған. Обалар құрылысы Беғазы-Дәндібай мәдениеті кезінде салынған кесенелерге, ал сыртын қоршаған ор мен сынтастар Жетісудағы Бесшатыр обаларына ұқсайды. Соған қарап бұл обалар қола дөуірінің ақыры (б.з.б. 9 — 8 ғ.), ерте темір дәуірінің басында тайпа көсеміне арнап тұрғызылған деуге болады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}