Атрибуция

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Атрибуция (Үлгі:Lang-la - иелену) - қабылдау өрісінде жоқ сипаттамаларда әлеуметтік объектілерге (адамға, топқа, әлеуметтік қауымға) балаудың әлеуметтік-психология механизмі. А. қажеттілігі субъекттің әлеуметтік ортамен адекватты өзара әрекеттесуіне бақылау арқылы алатын мәліметі жеткіліксіз болған кезде, оны «толықтыру» қажеттілігімен сипатталады. А. – тікелей қабылданатын ақпаратты «толықтырудың» негізгі амалы. А. зерттеуге ең алғаш Ф.Хайдер (1958) жұмысы бастау болды. 1970 жылдардың соңына қарай А. аттитюдтармен қатар, әлеуметтік-психологиялық зерттеулердің басым объектілеріне айналды. Ең алғашында ол каузальдық А-ға баланып, тұлғааралық қабылдаудың шегінде шоғырланып, адамзаттық мінез-құлықтың себептерін шығару ретінде түсіндірді. Кейіннен А. ұғымы кең мағынада қолданыла бастады. Ол тек мінез-құлық себептерін ғана анықтамай, әлеуметтік-сипаттамаларды кең көлемде түсіндіруге қолданылды. А. тек тұлғаның ғана емес, сонымен қатар, басқа да әлеуметтік объектілердің де сипаттамаларын білдірді. Ол қабылданатын объектілерді мағыналық жүйеде қарастыруға мүмкіндік берді. Кеңестік психологияда А. 1970 жылдардың соңына қарай көптеген әлеуметтік құбылыстардың механизмі ретінде анықталды. Оның топаралық өзара әрекеттестіктер мен отбасылық қатынастарды реттеу, өндірістік және т.б. шиеленістердің тууындағырөлі көрсетілді. А. (Каузальды) – құбылысқа, адамға немесе бір тікелей қабылдауға әсері болмайтын қасиетті тіркеу. А. – тұлғааралық қатынастар жағдайында кісінің басқа адамдардың мінез-құлық себептері мен мотивтерін түсінуі. Оны зерттеу мына жағдайларға негізделеді:

  • адамдар бірін-бірі тану кезінде тікелей қабылдау процесімен ғана шектелмей, олардың мінез-құлқының себептері жөнінде өздігінше тұжырым жасап, талдайды;
  • адам жөнінде бақылау негізінде алынатын ақпарат сенімді қорытынды жасауға жеткіліксіз болатындықтан, бақылаушы мүмкін болатын мінез-құлық себептері мен тұлғалық қасиеттерді соған жатқызады;
  • мұндай себептік талдау бақылаушының мінез-құлқына әсер етеді. А-ны зерттеумен бұрын тек қана әлеуметтік психология ғана айналысқан болса, қазіргі кезде оны жалпы психология да, педагогикалық психология да, жастық психология да, спорт психологиясы да өздігінше зерттейді. А. негізін салған Ф.Хайдер. Ол бұл мәселенің негізгі категориялары мен қағидаларын жасап шығарды.

А. эксперименттік зерттеудің маңызды нәтижелері мен қорытындылары мыналарды анықтады:

  • адамның өз мінез-құлқы мен басқа адамдардың мінез-құлқын түсіндірудегі айырмашылықтардың болуы;
  • А. процесінің субъективтік – мотивациялық және ақпараттық факторлардың әсерінен логикалық нормалардан ауытқуы;
  • А. адамның мотивациясы мен іс-әрекетіне ынталандырушы әсер етуі. Ол бұл іс-әрекеттің сәтсіз нәтижелерін сыртқы факторлардан көруі, ал сәтті нәтижелерін – ішкі факторлардан көруі. Осындай эксперименттік зерттеулердің нәтижесінде анықталған заңдылықтардың негізінде адамның эмоциялары, бағдарлары, мотивациясы мен іс-әрекет тиімділігіне әсер ету мақсатымен, А. пайдаланудың тәсілдері құрастырылды. Отандық психологияда бұл мәселенің әлеуметтік құрастырылуы іс-әрекет процесінің А. жанамалатыны жөніндегі әдісеамалық принципі негізінде жүзеге асырылуда. А. топ мүшелерінің бірлескен іс-әрекеттегі сәттілік пен сәтсіздіктер үшін өз жеке жауапкершілігін мойнына арту мен қабылдау құбылысы ретінде де зерттеледі. Осылайша, жоғары дамыған топтарда, ұжымдарда – бұл іс-әрекет нәтижесінде ұжым мүшелерінің іс-әрекетін ескеруге тиіс.

Атрибуция - мұражай жұмыстарының маңызды бір саласы.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}