Атпен табақ тарту

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Атпен табақ тарту ас беру кезінде атқарылатын қызмет. Асқа тігілген көп үйге піскен етті суытпай тарату үшін, астарына сәйгүлік, жорға мінген жігіттер ет салынған табақтарды таситын болған. Аса епті жігіттер кейде екі үзеңгіні айқастырып ердің үстіне салады да атқа қарғып мініп, үзеңгіге аяқтарын салып, ер үстінде тік тұрып, бір қолына табақты, екінші қолына тізгінді ұстап, атты жорғалатып киіз үйге әкеледі. Жігіттің ептілігіне риза болған қонақтар табақты алып, сыйлық ұсынады. Бұл екінің бірінің қолынан келе бермейтін шабандоздық өнердің көне де сирек түріне жатады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}