Атолл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Mvey0290.jpg
Бір-бірінен бөлінген Тынық мұхитындағы атоллдар.

Атолл — теңіздердегі таяз қолтықты қоршап жатқан сақина тәріздес маржан аралдарының бір түрі.

Атолл<ref>Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Казакстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов. — А.: АРНGroup, 2000. — 328 бет.</ref> - Топтаса өсетін маржандар атаулы суасты жәндіктерінің ңалдыңтары есебінен қалыптасқан шығыршың түрңылас ізбестасты жартастардан тұратын арал.

Атоллдың негізін су астындағы жанартаулар төбесі құрайды, ал оның беткі қабатын маржан жәндіктерінің әктасты құрылымдары көмкереді. Атолл аралдарының жалпы диаметрі 200 м-ден 50 км-ге жетеді, маржаннан түзілген сақинасының ені 100—200 м болады. Сыртқы беткейі тік жар (45۫), ішкі жағы көлбеу болады. Ортасындағы қолтықтың тереңдігі 40—100 м.

Атолл Тынық және Үнді мұхиттарының тропиктік белдемдерінде жиі кездеседі.

Сурет:Coral atoll formation animation.gif
Бұл жан бітірілген маржан атолының динамикалық құрылу процесін сипаттайды. Маржандар (күлгін және қоңыр түспен берілген) мұхиттық арал төңірегінде жиналып өсе береді, ал ішкі арал қысқара береді. Соңында арал толықтай суға батып, өспелі маржан сақинасын, ортасында лагууны бар, қалдырады. Бұр құрылу процесі 30,000,000 жылдарға дейін созылуы мүмкін.

Cыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>