Атмосферада жарықтың поляризациялануы және шашылуы (жинақ)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Атмосферада жарықтың поляризациялануы және шашылуы - Алматыдағы Қазақ КСР Ғылым Академиясының баспасынан 1962 жылы орыс тілінде жарық көрген жинақ. Жауапты редакторы - В.Г.Фесенков. Кіріспеден, 32 баяндамадан тұрады.

1961 жылы 2-9 қазанда Алматы қаласында Атмосферада жарықтың поляризациялануы және шашырауы туралы бүкілодақтық кеңес болып өтті. 32 баяндама тындалып, талқыға салынды. Оның жартысына жуығын Қазақ КСР Астрофизика институтының мамандары жасады.

Ресейден, Эстониядан, Грузиядан, Украинадан, Дағыстаннан және ГДР-дан (1 өкіл) ғалымдар қатысты. Кеңестің кіріспе сөзінде академик Қаныш Сәтбаев қатысушыларды құттықтап, атмосферадағы оптика саласындағы әр түрлі мәселелер талқыға салынатынын, сондай-ақ олардың Қазақ астрофизика институтының атмосфералық оптика секторының жұмысымен танысатындығын айтты.

Жинақта осы мәселе бойынша өткен бүкілодактық кеңестің материалдары беріліп, осы саладағы ғылыми тәжірибелер мен теориялық зерттеулердің нәтижелері келтірілген. 13 сурет, 87 кесте, 105 сызба қамтылған. Соңында кеңестің резолюциясы және қатысушы 53 адамның тізімі көрсетілген. Атмосфералық оптика мамандарына, геофизиктерге, метеорологтарга және астрофизиктерге арналған. Көлемі 21,7 баспа табақ. Таралымы 1050 дана.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Атмосферада жарықтың поляризациялануы және шашылуы (жинақ)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}