Атмосферадағы айналым

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Атмосферадағы айналымЖер шарын қоршап тұрған бүкіл ауа қабатының қозғалыс жүйесі, яғни ауа массасының көлденең және тік бағытта алмасуына себепкер болатын негізгі ауа ағындарының жиынтығы. Жердің тәуліктік айналуы, Күн сәулесі энергиясының (радиациясының) жер бетіне біркелкі таралмауы, мұхиттар мен құрлықтардың өзара орналасуы, құрлық бетінің бедері, т.б. атмосферадағы айналымды тудырады. Айналым жылы және салқын ауа массаларын араластырып, ылғал тасымалдайды, нәтижесінде ауа райы өзгереді. Тропосфера қабатында оған циклон және антициклонмен тығыз байланысты пассаттар мен муссондар, тропосфераның жоғарғы қабаты мен

Сурет:Coriolis effect16.gif
Ауа массаларының шарды қозғалту анимациясы

стратосфераның ауа ағыны өте қатты жүретін төменгі қабаттары жатады. Атмосферадағы айналым бірнеше ірі көлемдегі ауа қозғалыстарын қамтиды, соның ішінде ең ірісі – ауа массасының батыс тасымалы. Сонымен қатар, атмосферада кіші көлемді жергілікті ауа айналымдары (бриз, бора, фен және тау аңғарлық желдер) мен күшті құйындар (тромб, торнадо, қарадауыл) да байқалады. Атмосферадағы айналымды синоптикалық, статистикалық және гидродинамикалық әдістермен зерттейді.

Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}