Атбәйге

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Атбәйге - ат жарысында озып келген атқа берілетін сыйлықтың, жүлденің, марапаттың ең кәделі түрі. Дәстүрлі ортада ат жарысында озып келген бірнеше (ондаған) атқа және көмбеге дейін шапқан ең соңғы атқа (оны көктайынша деп атаған) бәйге берілген. Бәйгеге қатысушылардың барлығы көмбеге келіп жиналғаннан кейін, бәйгенің жүлде бөлісі басталады. Жүлделер ақшалай да, мал басымен есептелген мөлшермен де, ер қаруы бес қару түрінде де, қымбат кілемдер түрінде де, шапан түрінде де берілді.

Үлкен астарда ұйымдастырылатын аламан бәйгеде озып келген аттың иесіне бас бәйге деп тоғыз тарту, ал кейбір шағындау ас пен басқа да жиын-тойларда атан түйе немесе ат берілген. Атбәйгенің мөлшері басқа ұлттық ойындарға берілетін жүлделерге қарағанда қомақты болып келед. Н.Рычковтың айтуынша, үлкен астардағы аламан жарыста бірінші бас бәйгеге тігілген күң бастатқан «жанды тоғыз» деп аталатын қомақты мал-мүлік тарту етілген. Содан кейінгі жүлделерге сауыт-сайман, түйе, ер-тұрманымен ат белгіленді. Атағы алашқа жайылған үлкен астарда атбәйгесіне аса қомақты жүлделер тігілген. Мысалы, 1860 жылы руы жаппас Құламбаевтың әкесіне ұйымдастырылған ас беруде аламан бәйгеден озып келген 13 аттың иелеріне тоғыз тарту берілгені туралы В.Н.Плотников өз еңбегінде ерекше айтып кетеді.

Кейін орыс отаршылдығының қыспағына түскен қазақ социумының әлсіреуіне байланысты атбәйгенің көлемі азайып, мазмұны сұйылды. А.Бремнің 1894 жылы келтірген дерегі бойынша, атбәйгенің бірінші жүлдесі екі-үш мың сомдық күміс ақша көлеміндей болды. Ал ауқатты байлар жүздеген жылқы тіккен.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Атбәйге|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}