Атбасардағы Мойнақ көтерілісі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Атбасардағы Мойнақ көтерілісі - 1918 ж. 4 желтоқсанда колчакшылдарға қарсы шыққан халық көтерілісі. Атбасар уезіндегі Мойнақ (Ново-Петропавловское) поселкісінде колчакшылардың аса ірі жазалау отряды келіп, ақ гвардиялық әскерге барудан бас тартқандарды ұстап беруді талап етеді. Жергілікті адамдар бұл жөнінде көрші Ново-Александровка, Рыбинка поселкілеріне хабарлап, оларды бірігіп көтеріліске шақырады. Ертеңінде мойнақтықтар төңіректен көмекке келген 200-дей шаруамен бірігіп, ақ гврдияшылдарға қарсы соғыс ашады. Біпақ нашар қаруланған көтерілісшілер жауға табанды қарсылық көрсете алмайды. Көтеріліс басшылары Решетняк пен Трушин ұрыста ерлікпен қаза табады. Мұны естіген Владимировка, Максимовка поселкілерінің (Көкшетау уезі) тұрғындары мойнақтықтарға жәрдемге шығып, төңіректің барлық халқын жауға қарсы ұрысқа аттануға шақырады. Шарулардың бұл стихиялық көтерілісі Колчак үкіметіне қарсы партизан қозғалысының бір оқиғасы еді. <ref>Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том</ref>

Дереккөздер

<references/>