Ата Каушутов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ата Каушутов (1903 жыл 15 шілде, Безмеин ауылы - 1953 жыл 15 қараша, Ашхабад) - түрікмен жазушысы.

Өмірі

Кедей шаруа отбасында туған. Мәскеудегі Шығыс еңбекшілері коммунистік университетінде оқыған. Шығармалары 1925 жылдан жарияланды. Каушутовтың «Каспий сырты майданы», «Қанды орман», «Жұма» (1939) пьесалары, «Аңшы Қандым отбасы» (1944), «Елли Одэнің үйленуі» (1945), «Түрікмен тұлпарлары» (1951) атты әңгіме, повестьтер, «Мехри және Вепа» (1946), «Копет-Даг баурайында» (1947-1949) атты романдары бар.

Марапаттары

Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974 ж., 5 том </ref>

Дереккөздер

<references/>