Атауыш тұлға

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Атауыш тұлға - тыңдаушы, оқушы назарын аудару үшін, я тиісті реңк беру үшін қолданылатын ишарат сөз. Атауыш тұлға есебінде көбінесе кісі есімі, туыс атауы, кейбір жалпы есімдер қолданылады. Атауыш тұлға толық (Мұхтар, Сәбит, Құрманбек), ықшамдалған түрде де (Мұха, Сәкен, Құрмаш), құрметтеу, еркелету, әжуалау реңін беретін жұрнақтар (аға-й, апа-тай, әже-ке, Сәуле-ш) не тәуелдік жалғау (әжеш-ім, әке-сі, бастықеке-ң) қосылып та жұмсалады. Атауыш тұлға интонациясына қарай жай мүше не қаратпа сөз есебінде қолданыла береді (Әкесі келді Әкесі шай іш! Апай оқыды Апай, оқи көріңіз!).<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}