Атаукере

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Атаукере - ғұрыптық ас, ауру меңдетіп, ажал төнген, дүниеден озуға жақындаған адамның ең соңғы жеген асы. Қазақстанның шығыс аймақтарында атаукере деп айтылылса, ал басқа өңірлерде атау, атау суы немесе кере деген балама атаулары да бар. Бұл адамның жантәсілім етep алдында «бой жасау» деп аталатын азғана бір сәтке сергіген кезінде арыздасып, бақұлдасқан соң атаукере шартты түрде аталған дәм, сусын беру атқарылған. Мұндай астың арналу мәнін, дайындалуын анықтаудың сәті түспеді. Ең жақын туысы «Қолымнан татқан ең соңғы дәмің болсын», - деп, көбінесе су немесе сұйық тағам тамызады. «Атаукерең болсын», «атаукереңді ішкір» деген сияқты тағы басқа соңғы дәм дегенді білдіретін қарғыс мәніндегі сөз орамы құн тартып, басын (жанын) алатын түрлі жазаларды атқарар алдында қылмыскерге берілетін соңғы, ғұрыптық ас атаукере деп аталған деген кейбір дерек берушілердің мәліметі дәйекті деуге болады. Ал, қиналып жатқан жантәсілім етуге жақын қалған адамға иман айту, тілді кәлимаға келтіру кезінде оның ақтық демі шықпас бұрын аузына тамызатын діни ғұрыпқа байланысты туындаған арнайы су имансу деп аталады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Атаукере|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}