Атанды босағаға байлау
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Атанды босағаға байлау - енші бөлу дәстүрінде орын алған рәсім атауы. Ата-анасынан енші алып шыққан ұл балалары отау болып шығар кезде еншіге наразы болмаса, онда үлкен қара шаңыраққа, кемпір-шалдың батасын алып, алған еншісінен таңдаулы ат немесе атанды босағаға байлап шығуы тиіс. Алған еншісінің көлеміне қарай аты мен атаны болмаса, кілем немесе шапан сияқты бұйымдар қалдырып кеткен.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>
Дереккөздер
<references/>