Атамбай-Сарытөбе мұнай кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мұнай кен орны

Атамбай-Сарытөбе мұнай кен орны - Маңғыстау облысы Қарақия ауданында орналасқан. Іздестіру жұмыстары 1989 жылы басталып, кен сол жылы ашылды.

Геологиялық құрылымы

Ортаңғы триас шөгінділерінен орын алған, шағылдырушы қабат бойынша, құрылым тектоникалық тілікке түйіскен екі жарты күмбезді қамтиды. Мұнай иірімі 4092 м тереңдікте жатыр. Коллекторы аралас, карбонатты, ашық кеуектілігі 17%, өткізгіштігі 0,244 мкм2. Өнімді қабаттың жалпы қалыңдығы 13,4 м, тиімді және мұнайға қаныққан қалыңдығы 6,7 м. Иірімнің ауданы 7,3 км2, биіктігі 75 м.

Құрамы

Мұнай жеңіл, тығыздығы 815 кг/м3. Қабат мұнайының газдылығы 129,8 м3/т, газдық факторы 118 м33.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер