Аталас

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аталас - бір атадан тараған, өзара қыз алыспайтып қауым, ру тармағы, ру аталарының ұрпақтары. Қазақтың жеті атаға дейін аталас туысқа саналып, отбасы құруға рұқсат етілмеген. Бұның түйіні тағы да «адамның ана сүйегін. әке қанын, Тәңірі жанын береді» деген өзіндік философиядан туған. Солай дей тура «қыздан туғанның қиығы жоқ» деп жиенді де өзіне икемдеген болады. «Жиен ел болмайды, желке ас болмайды» деген мақалдың астарында «тегі бір емес, қанша бауырға тартсаң да, қысылшанда өз аталасының сойылын соғады» деген мән жатыр. Осыған орай төмендегідей мысалдар келтіруге болады; Сыр өңірінде шөмішті-табынның Есенбай ру тармағынан тараған Кәшей, Жақап, Өмірқүл, Жәмөнтік, Дуана, Қырықрулары бір-бірімен аталас саналғандықтан қыз алыспайды. Ал қыпшақтардан бұлтың, күсілбас, жасыбай аталары өзара қыз алыспайды; коңыраттардан саңғыл мен маңғытай қыз алыспайды, осыған орай «саңғыл мен маңғытай бір туған, жетімдерді кім туған» деген тәмсіл тараған. Теке табындардан бедік пен тоқберлілер де қыз алыспайды. Шежірелік жосынмен негізделген аталас институты ру-қауым ішіндегі және руаралық қатынастаржүйесін реттеудің ең тиімді тәсілдерінің бірі болды.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Аталас|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}