Ас-Сулами

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ас-Сулами Әбу Абд а р - Р а х м а н Мұ х а м м е д б. Х у с а и н (937 немесе 942 - 1021) - сопылық ілімнің хорасандық мектебінің ірі өкілі, көптеген классик, сопылық шығармалардың авторы.

Нишапурда сопылықпен ежелден дәстүрлі байланыстағы шаңырақта дүниеге келген ас-Сулами хирканы өз әкесінен алды. Хадистер мен фикһті ас-Сулами ас-Сибги, әл-Асамм, ад-Даракутни және басқалардан үйренді.

Сопылық тәлімгерлерінің арасында ас- Саррадж, ан-Насрабази, ас-Сулуки, т.б.болды.

ас-Сулами Иракта, Сирияда, Хиджазда және Халифаттың оңтүстік обласында болды. Көп уақытын Бағдатта еткізді. Нишапурға оралғаннан кейін өзінің үлкен үйі мен кітапханасын соттардың қарамағына берді. Бұл игілікті іс ас-Сулами қайтыс болғаннан кейін де жалғасты.

Ол негізін қалаған сопылық тұрағы атын иеленді. ас-Сулами 100ден астам шығарма жазған. Соның 30-ға жуығы сақталып, қазіргі кезге дейін жетті. ас-Суламидің тафсирі шииттік және сопылық эзотеризмнің түбірінің ортақтығын және жақындығын дәлелдеп берді. ас-Сулами жаңадан туындай бастаған сопылық ғылымының дем берушісі және оны біліктілікпен байытушылардың бірі болды. Сопылықтың Ислам аясында өмір сүру құқығын қорғай отырып, ол мұны дәлелдеу үшін Құранға, Пайғамбардың (с.а.у.) суннасына, ертеректегі сунниттік бедел иелерінің өмір салты мен айқын пікірлеріне жүгінді.

ас-Суламидің өмірбаянын зерттеушілер оның сунна саласына қатысты кең ауқымды білімпаздығын мойындай отырып, ол туралы «сопылар үшін сапасыз хадистер жасады» және «сенімсіз жеткізуші» деген пікірде болды. Ханбалшыл ибн әл-Джаузи ас-Суламиді қатты сынады. ас-С.улами көптеген шәкірттерді тәрбиеледі. Солардың арасынан оның ісін жалғастырушы әл-Құшайри мен тәлімгердің хадистерін тыңдаған хорасандық әйгілі тарихшы-ғалым әл-Байхакиді айрықша атауға болады.

«Бірқалыпты», іс-жүзіндегі сопылықтың идеологы ретінде ас-Сулами ас-Сарраджи мен әл-Құшайридің арасындағы байланыстырушы буын іспетті болды. Соңғысынан ас-Сулами дәстүрі әл-Ғазалиге ауысты. Ол «Табакаттың» авторын жоғары бағалады және тіпті оның сопылық Тафсирлерін ақтал алды.

<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub