Асқар Құрмашұлы Егеубаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Асқар Құрмашұлы Егеубаев (6 наурыз 1950 жылы, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Қыстау Күршім ауылы – 8 қазан 2006 жылы, Алматы қаласы) – ақын, аудармашы, сыншы, филология ғылымының докторы (1999).

Шығармашылығы

«Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиетінің көркемдік жүйесі (Х–ХІІ ғасырлар: көркемдік-эстетикалық ізденістер мен түрленулер)» деген тақырыпта докторылық диссертация қорғаған. «Сыр мен сымбат» (1981), «Сөз жүйесі» (1985), «Әділет» (1990), «Аламан» (1996), «Қала салған қазақтар: Поэмалар» (2002), «Тайқазан: Дастандар мен өлеңдер» (2003), «XX ғасырдың екі сағаты» (2005), «Жүсіп Баласағұн: Роман-эссе» (2005), т.б. кітаптардың авторы. Түркі мәдениетіне қатысты көне әдеби мұраларды қазақ тіліне аударып, зерттеу жұмысымен айналысқан. Ж.Баласағұнның «Құтадғу білігін» қазақ тіліне аударды (1986). Бұл кітап 1989 ж. Пекиннің Ұлттар баспасынан араб әліпбиімен екінші рет жарық көрді. М.Қашқаридың «Диуани лұғат ит-түрк» еңбегін қазақ тіліне аударды (1998). «Кісілік кітабы» (1998), «Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиетінің көркемдік жүйесі» (1999), «Құлабыз: Поэтиканың тарихилығы» (2001) т.б. монографиялары жарық көрген. Қазақстан Ленин комсомолы (1984), Жамбыл атындағы халықаралық (1996), Махамбет атындағы (2003) сыйлықтардың лауреаты. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының құрметті азаматы (2000). «Құрмет» орденімен (2003) және медальдармен марапатталған.<ref name=source1>Қазақ Энциклопедиясы</ref><ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Сыртқы сілтемелер

http://imena.pushkinlibrary.kz/kaznames/litegeubaevkz.htm

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}