Асқар Исмайылұлы Бөрібаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Бөрібаев Асқар Исмайылұлы, 1956 жылы - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі <ref>А.И. Бөрібаевті Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындау туралы</ref>

Биографиясы

Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын, Чайковский атындағы Москва мемлекеттік консерваториясының аспирантурасын бітірген <ref>Мәдениет және ақпарат вице-министрі Бөрібаев Асқар Исмайылұлы</ref>.

1979-1988 жж. - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында оқытушы, аға оқытушы, доцент;

1988-1991 жж. -Жамбыл атындағы мемлекеттік филармония солисі;

1991-2002 жж. – «Солист Патры» (Грекия) оркестрінің солисі әрі дирижері және онымен қатар Афины консерваториясының профессоры.

2002-2006 жж. - “Демалыс” қазыналық кәсіпорын директоры, Астана қаласы мәдениет департаментінің директоры.

2006 жылдан 2007 жылдың наурыз айына дейін - Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет басқармасының бастығы.

2007-2008 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі.

2008 жылдың наурыз айынан бастап 2008 жылдын қыркүйек айына дейін Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер мұражайының директоры.

2008 жылдың 12 қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі.

2010 жылғы 19 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Мәдениет вице-министрі

Асқар Исмайылұлы мәдениет саласындағы өзінің қызметі барысында ішекті аспаптар квартетін, «Кончертоне» камералық оркестрінің негізін қалады, «Сон в летнюю ночь» атты классикалық музыка, джаз музыкасының «Астана блюз», «Сарыарқа» халықтық музыка, халықтық би өнеріне арналған «Қос алқа» және «Театр әлемі» секілді фестивальдердің ұйымдастырушысы. Әлемнің 30 елінде концерттік бағдарламамен өнер көрсеткен.

Дереккөздер

<references/>