Асы жайлауы –
Іле Алатауының шығыс сілеміндегі биік таулы
жайлау.
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының жерінде орналасқан. Солтүстігінде
Қараш тауы және
Бақай тауларымен, оңтүстігінде
Сарытаумен шектелген. Ұзындығы 15 – 17 км, ені 8 км. Теңіз деңгейінен 2380 – 2410 м биіктікте. Жайлаудың топырағы шұрайлы, шөбі
шүйгін. Мөлдір сулы
Асы өзені жайлаудың өн бойымен ағады. Асы жайлауы көшіп-қонуға ыңғайлы мал жайылымы болып табылады.
Сілтемелер
Сыртқы сілтемелер
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:WikifyҮлгі:Stub