Асықты жілік жүйкесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Асықты жілік жүйкесі (лат. nervus tibialis) - артқы аяқты (адамда — аяқты) жүйкелендіретін (нервтендіретін) шонданай жүйкесінің жалғасы. Шонданай жүйкесі — құйымшақ (сегізкөз) жүйке торабынан шыққаннан соң, жамбас-ортан жілік буынының терең орналасқан бұлшық еттерін жүйкелендіруге тармақтар бөледі де, үлкен шонданай ойығы арқылы жамбас аумағының сыртқы бетіне шығып, асықты жілік және шыбык жүйкелеріне ажырайды. Асықты жілік жүйкесі артқы аяқтың (адамда — аяқтың) артқы бетіне өтіп, латеральды және медиальды плантарлы жіліншік жүйкелеріне ажырайды да, осы аумакты жүйкелендіріп, одан әрі плантарлы бақай (саусақ) жүйкелеріне айналады. Асықты жілік жүйкесі жамбас-ортан жілік және тілерсек буындарының жазғыш, бақай (саусақ) буындарының бүккіш бұлшық еттерін, аталған аумақтардағы сүйектерді, буындарды, теріні жүйкелендіреді.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Асықты жілік жүйкесі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}