Асыл тас (әкімшілік кешен)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғимарат

Асыл тас — әкімшілік кешені Астана қаласында Есіл өзеніінің сол жақ жағасында, № 1 көшеден оңтүстікке қарай, қаланың жаңа әкімшілік орталығында Сулы-жасыл бульварда (Нұржол желекжолы) орналасқан. Биіктігі 37, 40 және 53 қабат.<ref>Базис-А сайтында ғимараттың сипаттамасы.</ref> «Асыл тас» Қазақстандағы ең биік ғимарат болып табылады. Құрылысы 2006-жылы басталған кешен 2013-жылы аяқталуы тиіс.

Бұл ғимараттардың ерекшелігі асимметриялы пішімдес болып келеді, 32-ші қабаттан бастап жоғарғы қарай 15 метрге дейін қисайып кеткен.<ref>Административный комплекс «Изумрудный квартал»Үлгі:Ref-ru</ref>

Кешеннің ауданы 250 000 м², жобаның құны 350 миллион долларды құрап отыр.

А мұнарасы

Биіктігі 210 м., 53 қабатты мұнара кешендегі ең биігі. Мұнда 18 жүрдек лифт орналасқан.

Құрылысы 2010-жылы сәуір айында басталған.

В мұнарасы

Кешендегі екінші биік мұнара. Биіктігі 181,97 м, қабаттар саны 40.<ref>«Асыл тас», В мұнарасы</ref>

Құрылысы 2006-жылы басталған болатын. 2008-жылдың ақпан мен 2009-жылдың сәуіріне дейін қаржы дағдарысынан құрылыс тоқтатылады. 2010-жылдың қыркүйегінде сыртқы әрлеу жұмыстары аяқталады.

Қолданысқа беру мерзімі 2011-жылдың желтоқсанында.

С мұнарасы

Құрылысы әлі басталған жоқ.

Тағы қараңыз

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>