Асыл арна

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Телеарна

Сурет:Muhamedzhan.JPG
Мұхамеджан Тазабек

«Асыл арна» телеарнасы — Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының, Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің және басқа да құзырлы ұйымдардың тікелей қолдауымен 2007 жылы қыркүйек айында құрылған рухани танымдық арна. «Асыл арна» телестудиясы 2008 жылы маусым айында Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат Министрлігінің Ақпарат және Мұрағат Комитетінде Бұқаралық ақпарат құралы (БАҚ) ретінде тіркелді (куәлік № 9467 – Э). Бастапқы кезеңде телеканал өз өнімдерін «Alma TV», «Секателл», «Digital TV», «ICON» секілді кабельді жүйелер арқылы Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағына тарата бастады. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының бүкіл аймағында барлық кабельдік және сандық желілер арқылы таралуда. Хабарлар екі тілде: қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Таратылу уақыты: тәулік бойына. Телеарна директоры Тазабек Мұхаметжан.

Телеарна тарихы

  • 2007 жыл, қыркүйек – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен «Асыл арна» телестудиясы құрылды;
  • 2008 жыл, маусым – «Асыл арна» телеарнасының ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде электрондық бұқаралық ақпарат құралы ретінде тіркелді (Тіркеу куәлігі №9467-Э);
  • 2009 жыл, тамыз – «Асыл арна» телеарнасының барлық кабельдік және сандық желілер арқылы таратылуына жол ашылды;
  • 2009 жыл, тамыз – www.asylarna.kz сайты ашылды;
  • 2010 жыл, маусым – «Асыл арна» телеарнасы өз өнімдерін спутниктік жиілікте тарата бастады;
  • 2011 жыл, наурыз – «Асыл арна» телеарнасы телеарнасы www.asylarna.kz сайтында online хабар тарата бастады;
  • 2011 жыл, желтоқсан– өкілдері Кувейтте өткен Бүкіл әлемдік «Ислам медиясы» атты конференцияға қатысты;
  • 2013 жыл, наурыз– «Асыл арна» телеарнасы «Отау ТВ» ұлттық спутниктік таралым желісінен көрсетіле бастады;
  • 2013 жыл, қыркүйек– ел тарихында тұңғыш рет қажылық маусымында өз хабарларын күн сайын Мекке қаласынан тікелей эфир арқылы тарата бастады;
  • 2013 жыл, желтоқсан– Индонезияның астанасы Жакарта қаласында өткен Бүкіл әлемдік «Ислам медиясы» атты конференцияға қатысты;
  • 2014 жыл, наурыз– «Асыл арна» телеарнасы «Отау ТВ» ұлттық спутниктік таралым желісінің тегін пакетінен тарала бастады;
  • 2014 жыл, сәуір– ғаламтор беттеріндегі барлық әлеуметтік желілер (mail.ru, facebook, вконтакте, twitter, instagram) мен видеопорталдарда (youtube, Kiwi.kz, Rutube, kaztube, youku) жұмысын бастады;
  • 2015 жыл, шілде– ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті, ҚМДБ және «Асыл арна» телеарнасы арасында үш жақты меморандумға қол қойылды;
  • 2015 жыл, қазан– «Асыл арна» телеарнасында жаңа маусымдық бағдарламалар дайындала бастады;
  • 2014-2015 жылдары– «Асыл арна» телеарнасы Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен Еуропадағы мұсылмандардың тұрмыс-тіршілігімен таныстыратын «Мұнаралы Еуропа» деректі фильмін түсірді. Түсірілім тобы алғашқы жылы Еуропаның 8 мемлекетін, кейін қос аралдағы 4 мемлекетті жүріп өтіп, шетелдік мұсылмандар туралы қызықты мағұлматтарды ұсынды.

Электронды мекен-жай: www.asylarna.kz email: asylarna@gmail.com Телефон/факс: 8(727) 381-39-75

Телеканалды ашудың қажеттілігі

Ата дәстүріміз бен рухани құндылықтардың ақиқи қағидаларын насихаттау және Қазақстан мұсылмандарының береке-бірлігін арттыру мақсатында, өз жұмысын Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасымен, Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Дін істері жөніндегі комитетімен және басқа да құзырлы органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып жүргізетін Ислам рухани-ағарту каналын ашудың қажеттілігі туды. Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы конфессияаралық татулық пен толеранттылықты нығайта отырып, Ислам дінін зайырлы мемлекет аясында аксиологиялық құндылық дәрежесіне жеткізудің шарттарын қамтамасыз етіп отыр. Діни басқарма халқымызды ортақ рухани құндылықтар мен мақсаттарға қол жеткізуде топтастырып, әлеуметтік-рухани ритмиканы тұрақтандырды. Демек, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының тікелей қолдауындағы «Асыл арна» телеарнасының жұмысын осы маңызды миссияның өнімді нәтижесі деп қарастыруға әбден болады.

Телеарна миссиясы

Адамдар арасында бейбітшілік пен төзімділіктің, мейірім мен терең сенімнің берік тұтқасы ретінде мойындалған дәстүрлі ата-дініміздің құндылықтарымен көпшілік көрермендерді таныстыру. Ұлттық және адамзатқа ортақ адамгершілік құндылықтарды, мұсылмандық ұстындарға сүйенген моральдық негіздерді насихаттау. «Асыл арна» телеарнасы ашылған күннен бері ұлттық құндылықтарды асыл дінімізбен сабақтастыра отырып, халықтың рухани сұраныстарын қанағаттандыруды мақсат тұтып келеді. Рухани-ағартушылық арнаның көздеген тағы бір бағыты – сан түрлі құндылықтар сапырылысқан мына заманда, тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болуы үшін, ұлт иммунитетіне айналған ұлы қасиеттерімізді ұрпақ санасында жаңғырту.

Іс-әрекет ұстанымдары

Көпұлтты және көпконфессиялы қоғам ретінде Қазақстан халықтарының ұлттық дәстүрлері мен мәдени өзгешеліктерін құрметтеу; елдегі әлеуметтік, саяси және қоғамдық тұрақтылықты сақтау жолында Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасымен, Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Дін істері жөніндегі комитетімен және басқа да мемлекеттік құзырлы органдармен және қоғамдық ұйымдармен қоян-қолтық араласа, бірлесе отырып әрекет ету; Исламға шақыру ісінде Құран мен пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын!) сүннеті және дәстүрлі ханафи мәзхабы негізінде қалыптасқан жұмсақ әрі икемді тәсілдерді қолдану; діни нормаларды түсіндіруде орта жолды ұстану; ата жолымызды жаңғырту жұмыстарын дәстүрлі дінімізбен байланыстырып іске асыру; шынайылық пен адалдық, сенімді көздерді пайдалану; конфессияаралық толеранттылық, жекелеген адамдар мен топтардың құқықтарын, діни және ұлттық сезімдерін, қадірі мен абырой-қасиетін құрметтеу; ҚР заңдарына толық бағыну және мемлекеттік саясат ұстындары мен ҚМДБ ресми бағытына сәйкес жұмыс істеу.

«Асыл арна» ұжымы

«Асыл арна» телеарнасының бас директоры
ТАЗАБЕК Мұхамеджан Оразбайұлы 1975 жылы 3 шілдеде Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Шахан ауылында дүниеге келген. Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Шахан ауылындағы М.Әуезов атындағы орта мектепті үздік бітірген. 1992-1996 ж.ж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін «филолог, орта оқу орнының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы» біліктілігі бойынша үздік тәмамдаған. «Әдебиеттану» мамандығы бойынша 1998 жылы магистр, 2000 жылы аспирант дәрежесін алған. Шетел тілдері мен іскерлік карьера университетінің «Дінтану» мамандығы бойынша түлегі (2011). Мұхамеджан Оразбайұлы қазақтың төл өнері айтыс сахнасына 1987-88 жылдары оқушы кезінен шыға бастады. Тазабек өнер сайысында есімдері елге танымал талай ақындармен айтысқа түскен. Тың тақырыпты таңдау мен терең мағыналы теңеулермен бейнелі сөйлеуден алдына жан салмаған ол аудандық, облыстық, аймақтық, республикалық және халықаралық деңгейдегі көптеген айтыстың жеңімпазы. «Дүниежүзі қазақтарының І Құрылтайы» құрметіне өткізілген, «Ордабасыдағы «Қазақтың үш биіне» арналған, Қарасай батырдың 400 жылдық, Бөгенбай батырдың 300, Сыпатай батырдың 210, Абайдың 150, Т.Рысқұлов пен М.Жұмабаевтың 100 жылдықтарына, Бауыржан Момышұлының 90 жылдығына, Жамбыл облысының 60 жылдығына орай өткен халықаралық, республикалық айтыстардың бас бәйгесін жеңіп алған. 2000 жылы Ташкентте Орта Азия (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Тәжікстан) мемлекеттерінің ақындары арасында өткен халықаралық дүбірлі айтыстың бас жүлдесін иеленген. 1996-1997 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ақындар мектебінің жетекшісі, 1997-2003 жылдар аралығында ҚР ұлттық «Ұлан» гвардиясының құрама бөлімшесінде «Президенттік оркестр орындаушысы», 2005-2006 жылдары ««Ақ Орда» республикалық қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің рухани жобаларын үйлестіруші қызметтерін атқарған. 2007-2009 жылдары «Асыл арна» ислами-ағартушылық телестудиясының, 2009 жылдан кабельдік, спутниктік және «Отау ТV«» ұлттық желісі арқылы тарайтын, ТМД елдері арасындағы тұңғыш ислами-ағартушылық «Асыл арна» телеарнасының бас директоры. «Қазақстан» ұлттық телеарнасында жарық көрген «Жұмадағы жүздесу» (2001-2002 ж.ж.), «Ораза қабыл болсын» (2008), «Иман нұры» рухани-мәдени хабарларының, «Қазақ радиосынан» эфирге шыққан «Құбыла» (2003-2008) жобасының авторы және жүргізушісі. Әр жылдардағы айтыстары топтастырылған «Айтыстар» (2006), балаларға арналған «Иман бақшасы» (2009), «Қазақ радиосының рухани бұлағынан» (2010) атты публицистикалық жинақтардың авторы. Мақалалары мен сұқбаттары мерзімдік және электронды баспасөзде жиі жарияланып тұрады. Мұхамеджан Тазабек айтыскер ретінде ғана емес, ұлттық айтыс өнерін насихаттаушы және айтыскерлердің жаңа буынын тәрбиелеуші тұлға ретінде де төл өнерге қомақты үлес қосып келеді. 2005 жылдан бері республикалық деңгейдегі ондаған айтыстардың («Төртеу түгел болса», «Отанды сүю – иманнан», «Елбасы жолдауы – елдіктің арқауы», т.б) ұйымдастырушысы. 2013 жылдан бастап, «Нұр Отан» партиясы қамқорлыққа алған республикалық (Кіл жүйрікте кім жүйрік?», «Бір халық, бір ел, бір тағдыр», «Береке басы – бірлікте», «Отбасым – тірегім, Отаным – жүрегім») айтыстардың ұйымдастыру-үйлестіру тобының, қазылар алқасының мүшесі. «Ақындық өнердің қыр-сыры», «Ақын айтатын сөз», «Ақын деген кім?» және бірнеше тақырыпта шеберлік тренингтерінің авторы және лекторы. 1996 жылы «Жамбылдың жастық шағы» фильмінде Жамбылдың образын шебер сомдап шыққан М. Тазабек ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы «Нұр Отан» партиясы, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен түсірген, ұлттық ойын көкпар спортын насихаттауды көздейтін «Дода» толықметражды фильмінің бас продюсері (2013). Қазақстан жастар одағы сыйлығының (1996), Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының (1998), «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағының (2014) иегері. ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ақылдастар алқасының, Жас журналистер клубының, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің ақпараттық насихат және сарапшылар тобының мүшесі. Отбасылы, бір ұл, төрт қызы бар.
Болатбек Жақсыбалаұлы Қожан. «Асыл арна» телеарнасының бас редакторы. 1965 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданы, Бөген ауылында дүниеге келген. 1989 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдады. Еңбек жолын аудандық газеттерде тілшіліктен бастап, кейін халықаралық, республикалық басылымдарда тілші, жауапты хатшы қызметін атқарды. 1997-2008 жылдар аралығында «Хабар-жер» бағдарламасының редакторы әрі жүргізушісі. Сондай-ақ, «Ел арнада» жаңалықтар қызметінің жетекшісі, «Хабар» телеарнасы бас продюсерінің орынбасары қызметінде болды. 2010 жылдан бастап «Асыл арна» телеарнасының бас редакторы қызметін атқарып келеді. Қазіргі таңда «Жұмадан жұмаға дейін» апталық ақпараттық- сараптамалық бағдарламасының жүргізушісі. Үйленген. Бір ұл, бір қызы бар.
Байғабыл Ардақ Бекзатұлы. «Асыл Арна» телеарнасының тілшісі. 1981 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. 1998-2001 жылдары Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы Өнер Академиясында актер мамандығы бойынша білім алады. 2001-2002 жылдары Алматы қаласынан тарайтын «Радио Ретрода» музыкалық жүргізуші. 2002-2003 жылдары «Қазақ радиосында» журналист. 2003-2004 жылдары Павлодар қаласы «Павлодар облыстық радиосында» бас редактор қызметін атқарды. 2003-2006 жылдары Павлодар қаласындағы «Ирбис» телеарнасында корреспондент әрі «Рухани Өмір» ислами бағдарламасының авторы әрі жүргзушісі. 2006-2007 жылдары Алматы қаласына оралып, «Қазақ радиосында» редактор әрі жүргізуші қызметінде болды. Осы жылдары «Алла деген арымас» және «Сахих хадистер» атты ислами бағдарламалардың авторы әрі жүргізушісі қызметін атқарды. 2007-2010 жылдары Алматыдан тарайтын «Авторадиода» жаңалықтар жүргізушісі. 2008-2009 жылдары «Қазақ радиосында» М. Тазабековтің авторлық «Құбыла» бағдарламасының жүргізушісі. 2008 жылдан бері «Асыл арна» телеарнасында журналист қызметін атқарып келеді. Рухани-ағартушылық телеарнада «Айна», «Атбегілік», «Құсбегілік», «Аңшылық», «Рухани Өмір», «Көкпар», «Сахих хадистер», «Атамекен», «Иман нұры», «Жұма мүбәрак», «Берекелі шаңырақ», «Өнегелі өмір», «Дін мен дәстүр», «Дерт пен дауа» бағдарламаларын жүргізді. Сондай-ақ, көптеген роликтер арқылы көрерменге танымал. Үйленген. Екі ұлы, бір қызы бар.
Қуаныш Тәжіханұлы Қолхаев. «Асыл арна» телеарнасының тілшісі. 1979 жылы Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Ақермен ауылында дүниеге келген. Меркідегі №11 орта мектепті аяқтап, 1996-2000 жылдары Тараз Мемлекеттік университетінің «Əлем тілдері» факультетінде «Қазақ тілі мен əдебиеті» мамандығы бойынша білім алды. 2000-2001 жылдары республикалық «Дүние-дастан» газетінде тілші, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. 2001-2002 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің магистратурасын аяқтады. 2002-2007 жылдары Тараз Мемлекеттік университетінде, Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Институтында ұстаздық қызметте болды. Оқушылар, студенттер арасындағы айтыстарда, бірнеше республикалық жыр мүшəйраларында жүлделі орындар иеленіп, жеңімпаз атанды. Өлеңдері «Бір Аллаға сыйынып», «Жастық дәурен өрнектері» сынды жыр жинақтарына енгізілген. 2009 жылдан бері «Асыл арна» телеарнасында тілші. «Бабалар – асыл даналар», «Дария - дəстүр», «Ақын əлемі», «Даналық дариясы», «Өткеннен қалған өнеге» секілді ұлттық құндылықтарды дəріптейтін жобаларды жүргізді. Үйленген. Екі қыз, екі ұлы бар.

«Асыл арна» телеарнасының бағдарламалары: «Ерен еңбек», «Пайғамбар қасиеттері», «Ізгілер үлгісі», «Біздің де қолдан келеді», «Атамекен», «Ұлттық бренд», «Ұлттық нақыш», «Бағдаршам», «Мәміле», «Жұма мүбарак», «Үйрен», «Арайлы Астана», «Шуақты аналар», «Милосердие», «Ауырмайтын жол ізде», «Айна», «Құран және ғылым», «Дерт пен дауа», «Бабалар – асыл даналар», «Асыл аналар», «Сауапты сұхбат», «Алматы айшықтары», «Адал кәсіп», «Құқығыңызды біле жүріңіз», «Ежелден мұсылман ел едік», «Дерт пен дауа», «Жан азығы», «Әлемнің ақыры», «Жыр жауһар», «Бір күн бірге», «Босаға», «Сауапты сұхбат», «Ғаламтор әлемінен» т.б.

Сурет:Ardakaga1.png
Байғабыл Ардақ Бекзатұлы. «Асыл Арна» телеарнасының тілшісі.
Сурет:Mamle.png
Мәміле бағдарламасы

Логотиптер тарихы

Телеарна өз тарихында логотипін 3 рет өзгертті:

Сурет:Logotype1.png
Бірінші логотип

2009 жыл, тамыз – өшкенін жандырып, жоғалтқанын тауып, қыбласын Мәскеуден Меккеге бұра бастаған халқымыздың ең бірінші қауышқаны – мешіттер еді. Сондықтан, телеарнаның алғашқы логотипінде мешіт пен ай бейнеленді.







Сурет:Ekinshilogo.png
Екінші логотип


2011 жыл, қаңтар – «Асыл арнаның» екінші логотипінен, бірден үш ұғымды аңғаруға болатын. Біріншісі – мешіттің күмбезі, екіншісі – «а» әрпі, үшіншісі – ұлттық ою-өрнектің бір көрінісі.





Сурет:Ushinshilogo.png
Үшінші логотип

2015 жыл, қыркүйек – күмбез, қазақы ою, жаңа туған ай. «Асыл арнаның» бас әрпі - тұтас бір тұғыр, біріккен бейнені нұсқайды.









Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Телерадио