Асылбек Көбешұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Асылбек Көбешұлы (1852, Алтай, Қобда өңірі — шамамен 1890, сонда) — батыр. Көбеш батырдың отбасында дүниеге келген. Қытай өкіметі Алтай қазақтарына “Шыдасаң осы, шыдамасаң өз обалың өзіңе” деген қатал саясатын қолдана отырып, 1890 ж. Қобда өңірі қазақтарына қысым көрсете бастады. Асылбек бастаған жергілікті қазақтар заңсыз салыққа қарсы шығып, өздері орын тепкен мекендерінен ешқайда көшпейтінін білдірді. 1890 ж. жазда Пекиннен қарулы әскер бастап келген Шаһадүр анбан “Империяның жарлығына қарсы шыққан жүгенсізді қолымызға салыңдар, әйтпесе ауылдарың мен мал-жандарыңызды шабамыз” деген талап қойды. Ел басына күн туған осы бір қысылтаяң сәтте Асылбек ұрпақтарының келешегі үшін жау қолына өзі барып, құрбан болды. Бұл оқиға Моңғолия қазақтарының жадында “Асылбектің басын алған жыл” деген атпен тарихта қалған. Асылбектің денесі Баянөлгий аймағындағы Дайынның Қу үйі деген жерде жерленген.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Асылбек Көбешұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}