Асылбек Кінәрұлы Бисенбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Асылбек Кінәрұлы Бисенбаев.PNG
Асылбек Кінәрұлы Бисенбаев

Асылбек Кінәрұлы Бисенбаев - 1957 жылы 24 қазанда Алматы қаласында туған. Қазақ.

Әкесі - Бисенбаев Кінәр Мырзалиұлы, зейнеткер, Қарағанды мемлекеттік университетінің доценті болған. Анасы - Бисенбаева Балқия Байденқызы, зейнеткер, Қарағанды мемлекеттік университетінің доценті, кафедра меңгерушісі болған.

Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультетін (1978) тарихшы мамандығы бойынша; ҚазКСР ҒА Тарих, археология және этнография институтының аспирантурасын бітірген (1984).

Тарих ғылымдарының кандидаты (1984). Кандидаттық диссертациясыныңтақырыбы: «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның ғылыми мекемелері мен жоғары оқу орындарының қызметі». Доцент (1989).

«Өзге Орталық Азия» (2004), «Қаза болған жауынгерлер даласы» (2004), «Ежелгі түркілердің мифтері» (2007, қайта басылымы - 2008) кітаптарының авторы; «XX ғасырдың бас кезіндегі Қазақстан» мақалалар жинағының тең авторы (I шығарылымы - 1993, II шығарылымы - 1994).

Қазақ және орыс тілдерін біледі.

1978 жылдан - Қарағанды политехникалық институтының оқытушысы. 1979 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1980 жылдан - В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының оқытушысы. 1981 жылдан - ҚазКСР ҒА Тарих, археология және этнография институтының аспиранты. 1984 жылдан - Қазақ политехникалық институтының оқытушысы, ағақытушысы 1988 жылдан - Қарағанды медицина институтының доценті, «Заманауи социализм теориясы» кафедрасының меңгерушісі. 1990 жылдан - ҚазКСР Тарих, археология және этнография институтының аға ғылыми қызметкері тарихнама және деректану бөлімінің меңгерушісі. 1991 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің Талдау орталығында референт, саяси талдау секторының меңгерушісі, Талдау орталығы жетекшісінің орынбасары, бірінші орынбасары. 1997 жылдан - Қазақстан Либералдық қозғалысының төрағасы. 1998 жылдан - ҚР Президентінің баспасөз хатшысы. 2001 жылдан - ҚР Қауіпсіздік кеңесінің Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.

2003 жылдан бері - «Комсомольская правда Казахстана газетінің бас редакторы.

Әскери атағы - запастағы полковник.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Оптимистік».

Хоббиі - кітап оқу, балық аулау, бильярд, спорт.

Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи әдебиет, детективтер.

Үйленген. Жұбайы - Асанова Салтанат Әмірғалиқызы. Балалары - Алма (1979 жылы туған), Қорлан (1994 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}