Асылбек Жасаралұлы Еңсепов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Музыкант Асылбек Жасаралұлы Еңсепов (5 сәуір, 1980 жылы Ақтөбеде туған) – қазақстандық күйші, домбырашы, музыкант. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2016). «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері (2004). «Платинды Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты (2004). Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері (1998).

Білімі

Шығармашылығы

  • Асылбек - көптеген фестивальдер мен конкурстардың лауреаты (Түркияда, Францияда). 1992 жылы ол "Жаңа есімдер" Қазақтың мәдениет қорының стипендиаты болды. 1998 жылы "Ыстық көл" эстрадалық және фольклорлық халықаралық музыка сайысының Гран - приі, 1998 жылы Құрманғазы атындағы Халықаралық конкурстың сыйлығын алды. 1998 жылы "Шабыт" Республикалық шығармашылық жастар фестивалінің жеңімпазы болу - оның көп қырлы талантын танытады. 1998 жылы Еңсепов Асылбекке Қазақстан жастар Одағының сыйлығы берілді.

Мемлекеттік марапаттары

  • 1992 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік степендияның иегері.
  • 1998 жылы Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері атанды.
  • 2004 жылы ҚР Үкіметінің "ДАРЫН" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты
  • 2004 жылы Қазақстанның тәуелсіз меценаттар клубының "ТАРЛАН" тәуелсіз сыйлығының иегері атанды
  • 2016 жылыдың 5 желтоқсанындағы елбасының жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталды.

Отбасы

  • Әкесі - Жасарал Еңсепов (Педагогика ғылымдарының кандитаты, Қазақстан Білім беру ісінің Үздігі)
  • Анасы - Фарида (Үй шаруашылығында)
  • Жары - Айжан Нүсіпбекова
  • Бауырлары - Айбек, Сырым.