Асутөр
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Асутөр – Күнгей Алатауы жотасының орташа бөлігінде, Қыземшек тауының оңтүстік-батысындағы асу.
Географиялық орны
Алматы облысы Райымбек ауданында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 3933 м. Асудан салт атты адам өте алады.
Өсімдігі, жануарлары
Баурайында шырша, арша, қарағай, т.б. бұталы өсімдіктер өседі. Жануарлар дүниесінен Сібір тауешкісі, тау арқары, т.б. мекендейді.<ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы I том</ref>