Астық қору

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Астық қору - піскен астықты жинап алу шарасы. Қазақ диқаншылары қолына сақпан, зырылдауық, балақпан (бишік түрін) ұстаған қорықшылар егіс алқабын таңсәріден қара кешке дейін қориды. Тіпті, шымшықты үркіту үшін егіс ортасына адам бейнесіндегі қарақшыларды да іліп қоятын. Ел арасында диқан мен тары айтысыпты деген өлең жолдары сақталған:

Тары екпей бидай еккен пайда қылды, 
Пәркіңді сенің құдай майда қылды.

Сонда тарыға тіл бітіп, диқаншының тәжірибесіздігі мен жалқаулығын айтып былай деген екен:

Бола ма менен артық тары деген, 
Жеймін деп жау шымшықтың бәрі келген 
Құлаққа ала жаздай су қоймадың, 
Аузыңды «ұрайын» тары жеген. 
Құдай-ау, құрытсаңшы торғайыңды. 
Саламын ойбайымды торғай көрсем.

Оңтүстікте маусымның аяғына таман екінші мәрте егілген тары тамыздың аяғына таман піскен кезде жыл құстарының қайту мерзіміне дөп келеді. Осы кезде далада қырғилар пайда болады. Ал қырғидан қорыққан шымшықтар топтасып ұша алмайды, Сөйтіп, адамдар тарыны шымшықтарғга тидірмей, рәсуә етпей орып жинап алады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Астық қору|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}