Астықты бөлу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Астықты бөлу — бұл үрдісті басқару беделді адамға тапсырылған. Ертеде дәстүрлі ортада қырманға жиналған астықты болу сәтті күндердің бірінде тыныш ымыртта жасалған. Бұл - тіл мен көзден сақтауды ырымдағаны. Егіншілер дәрет алып, таза киім киіп келуге тиіс. Намаз білетіндері намазын өтеген соң қырманға келеді. Бір адам тазартылып үйілген қызыл деп аталатын бидай үйіндісінің шетін ала айналдыра бір пұттай астықты сеуіп шығады. Ағаш күректі қолға алған диқан бисмилла деп кірісіп, үйіндінің орта тұсынан жүргізілген сызықты оңға қарай айналдырып шығады. Бұл жосынды белбеулеу деп атайды. Бұл - Диқан баба қырман басына келгенде, астықты айналып, өзінің шапағатына бөлесін деген ырымның көрінісі. Мұнан кейін үйіндінің үстімен белбеуге дейін жететін қосымша екі сызықты айқыштап сызады. Екі сызықтың бірі құбылаға бағытталуы тиіс және ондағы астыққа сабымен төмен қаратып күрек, айыр және сыпырғышты шаншиды. Үйілген бидайдың иесі етегінде кұбылаға қарап отырып: Бісміллэ деп аяқ-ыдысқа бидайды толтырып алады. Оны кеусен немесе ақұла деп атайды. Ол - кем-кетік, жетім-жесірлерге берілетін астықтың бөлігі. Малшы малдан зекет беретіні сияқты астықтың иесі де әлеуметтік жағдайы төмен топтарға астықтан ғұшыр береді. Астықтың бидай, сұлы, арпа, тары сияқты түрлерін жеке-жеке үйіп, бөлектеп қаптайды. Қырмандағы астық бір адамға ғана тиесілі болса, туысқандары мен көмекшілерінің көмегімен бидайды елеуішпен есептеп, сыйымдылығы бірдей қаптарға салып, арнайы қамбаға немесе ұраға тасыған. Егер астық бірнеше адамға ортақ болса, оларға өндірілген астықтың тең жартысы тиесілі болды. Қалған жартысы көбінесе, жалданған адамдарға бөлініп беріледі. Астық бөлуді оны басқарушы адам мен оның екі көмекшісі атқарды. Басқарушы адам өлшеуіш шараны (Сыр бойындагы егіншілер ағаш керсенмен өлшеген) бидайға толтырып алып, көмекшілеріне кезек-кезек беріп отырады. Олар бидайды алдын ала белгіленген жерге апарып төгіп отырды.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Астықты бөлу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}