Астанқұл Шәкіров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шәкіров Астанқұл (1.4. 1922, Өзбекстан, Әндіжан қаласы - 11.1.1945, Украина, Калининград облысы Нестеров ауданы Калинин поселкесі) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, барлаушы. Қазақ. Кеңес әскері қатарына 1941 жылы желтоқсан айында шақырылды. 75-гвардиялық атқыштар полкінде (З-Беларусь майданы 11 -гвардиялық армия 26-гвардиялық атқыштар дивизиясы) 111. 1944 жылы 15 шілдеде алғашқылардьщ бірі болып Алитус қаласының оңтүстігінде Неман өзенінен өтті. Оң жағалауда бірден ұрысқа кірісіп, басқа бөлімшелердің өзеннен өтуіне кедергі жасап, үздіксіз оқ атып жатқан жау пулеметін жойды. 1945 жылы ұрыста қаза тапты. Шәкіровке КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (24.3.1945). Ленин, «Қызыл Жүлдыз», 3-дәрежелі Даңқ ордендерімен, медальдармен марапатталған. Әндіжан қаласындағы алаңда Шәкіровке бюст қойылды. Осы қаладағы №10 мектепке және көшеге есімі беріліп, мектеп қабырғасына мемориалдық тақта орнатылды. <ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Астанқұл Шәкіров|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}