Астана бөгені

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Астана бөгені (Вячеслав бөгені) Есіл өзенің жоғарғы ағысында, Ақмола облысы Аршалы ауданында 1968 жылы салынған. Аумағы — 61 км², ұзындығы — 11 км, ені — 5,4 км, орташа тереңдігі — 6,8 м (ең терең жері — 25 м), суының мөлшері — 419 млн м³. Солтүстік жағасы тік жарлы, су кемері түпкі жыныстарға тіреледі, оңтүстік жағасы жазық, саз балшықты. Қарашада қатып, сәуірдің ортасында мұзы ериді. Бөген Есіл, Мойылды өзендері суымен, қар және жауын-шашын суымен толығады. Деңгейінің жылдық ауытқуы — 4 м. Суы тұщы, минералдылығы — 0,22—1,02 г/л аралығында өзгереді. Астана бөгенінде Сібір тортасы, тарақ балық, шортан, алабұға, табан балық, сазан, т.б. түрлері бар. Бөген суы Ақмола облысының өндіріс орындары мен шаруашылықтарын сумен қамтамасыз етеді<ref>Қазақ энциклопедиясы I том</ref>.

Сілтемелер

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала