Ассүттіген

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Ассүттіген (Үлгі:Lang-la) – астралылар тұқымдасына жататын бір, екі және көп жылдық өсімдіктер туысы; сирек жартылай бұта түрінде де кездеседі.


Еуразия мен Африкада (аздап Оңтүстік және Солтүстік Америкада) кездесетін 20-дан астам түрі белгілі. Қазақстанның барлық аймақтарында өсетін 8 түрі (алтай Ассүттігені, бұйра Ассүттіген, егістік Ассүттігені, жабайы Ассүттіген, құлақты Ассүттіген, сібір Ассүттігені, тамаша Ассүттіген және татар Ассүттігені) бар. Ассүттіген – биіктігі 30 – 120 см болатын өсімдік. Сабағы дара, жапырағы кезектесіп орналасқан. Сары, көк не қызғылт түсті гүлдері шашақты гүлшоғырына топтасқан. Тұқымы ұзынша болып келеді. Мамыр – шілдеде гүлдеп, маусым – қыркүйекте жемісі піседі. Жапырағының құрамында көптеген витаминдер болғандықтан Ассүттіген тамаққа пайдаланылады.<ref>Қазақ энциклопедиясы I том</ref>

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>