Аспара (көне қала)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

  1. Аспара– 14 – 15 ғасырлардан сақталған көне қала орны.

Жетісу археол. экспедициясы (1938 — 40 ж. А.Н. Бернштам), 1964 — 65 ж. (Л.Б. Ерзакович) зерттеген. Қаланың құлаған қабырғаларының ұзындығы солт-де — 245 м, шығысында — 300 м, оңт-нде — 196 м және батысында — 150 м. Цитаделінің көлемі 190х160 м, биікт. 15 м. Қаланың негізгі бөлігі 5-12 ғ. аралығында қаланған. Дегенмен қазба жұмыстары кезінде оның солт.-шығыс бөлігінде орналасқан бөлігінің 14-15 ғ-да болғандығы дәлелденді. Ұлы Жібек жолының бойындағы қала ретінде А. Қытай және араб деректерінде (Сюань-Цзян, Ибн Кудам, Ибн Хордабех) жиі кездеседі. Қазба жұмыстары кезінде, мұнда 14 ғ-дың ақыры мен 15 ғ-дың басында Әмір Темір әскерлері тұрғаны анықталды.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

  1. Тарихи деректер бойынша, Аспара - орта ғасырдағы қаланың орны Шу өзеніне құятын Аспара өзенінің жағасында, қазіргі Андас батыр ауылының шетінде. Алғаш В.В.Бартольд, А.Н.Бернштам, одан кейін 1964-65 жылдары Жетісу археологиялық экспедициясы зерттеген. Жұртының көлемі 10 га шамасында. Бекіністі қала дуалмен үшке бөлінген (қамал, шаһристан және қамалға жалғас кішігірім құрылыстар). Қаланың ХIII-XIV ғасырларға жататын қабатын зерттегенде жау шабуылынан қираған үйлер, қора-қопсы, үй ішінің жабдықтары, XV-XVІ ғасырлардың қабатынан берік қамалдың қираған жұрты, тұрғын үйлердің қалдықтары табылды.

Аспара қаласы жайында Темір тұсындағы мағлұматтар толығырақ. 1397-98 жж. Темір әскерлерін Мұхаммед Сұлтанның (Темірдің немересі) басқаруымен Талас, Шу алабында бірнеше қамалды жаңадан салып, біразын қайта жөндеген. Сөйтіп, Моғолстанға қарсы күреске әзірленген. Соның бірі - осы Аспара. Онда бір түмен Шағатай әскері тұрған. XVІ ғасырда Аспараның маңы Жәнібек баласы Қасым ханның қол астына қарағаны айтылады. <ref>Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}