Аспа
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Аспа - рессорланған және рессорланбаған массалардың арасында серпінді байланысты қамтамасыз ететін, көліктік құрал қондырғыларының жиынтығы.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0</ref>
- Теңгергіш аспа - құрамына теңестіруші иінтірек енетін көлік құралының екі көршілес өстердің доңғалақтарының тәуелді аспасы.
- Гидропневматикалық аспа - қысылған газ және серпінді элемент онымен әрекеттесетін сұйықтық табылатын, қысымы реттеле алатын көліктің құрал доңғалағының аспасы болып табылады.
- Қозғағыштың аспасы - қозғалтқышты қозғағыш автомобиль шанағымен немесе рамасымен серіппелі жалғануын қамтамасыз ететін аспа.
- Диагональды-иінді аспа - көлік құралы доңғалағының көлденең және ұзыннан екі жазықта ауысып отыратын тәуелсіз аспасы.
- Тәуелді аспа - берілген осьтің бір доңғалағының орнынан жылжуы осы осьтегі екінші доңғалактың жылжуын тудыратын аспа.
- Артқы аспа - көлік құралының артқы доңғалағы немесе артқы арбашық белдігінің аспасы.
- Кабина аспасы - көлік құралының кабинасына жолдың тегіс еместігінен берілетін дірілді азайтатын аспа.
- Каток аспасы - шынжыр табанның тірек тығыздағыштары трактор акңкасымен теңгергіш тәрізді жеке және жұпты серпінді элементтер арқылы жалғануы.
- Доңғалақ аспасы – көлік құралының көтергіш жүйесінің доңғалақпен серпінді жалғануы.
- Тәуелсіз аспа - берілген осьтегі бір доңғалақтың орнынан жылжуы осы осьтегі келесі доңғалақтың жылжуына байланысты болмайтын аспа.
- Алдыңғы аспа - алдыңғы доңғалақ аспасы.
- Пневматикалық аспа - серпінді элементтерде қысылған газ, әдетте ауа қолданылатын көлік құралы доңғалағының аспа.
- Көлденең иінді аспа - доңғалақтың тек көлденең жазықтықта орналасқаан тәуелсіз аспасы.
Бойлай орналасқан иінді аспа - доңғалақтың арнасын өзгеертпей, жазықтықта тек бойлай орналасқан тәуелсіз аспасы.
- Серіппелі аспа - серпінді элементі болып табақты серіппегіш табылатын көлік доңғалағының аспасы.
- Серіппелі темір аспа - серпінді элементі табақты серіппегіш болып табылатын көлік доңғалағының аспасы.
- Иінді аспа - әдетте, бір немесе екі рычагтан тұратын көлік доңғалағының бағыттаушы құрылғысы.
- Иінді-телескопты аспа - бағыттаушы құрылғысы телескопты тербелмелі тағаннан (оның қызметін бәсендеткіш атқара алады), көлденең рычагтан, қызметін келденең жатқан тұрақтандырғыш атқаратын бойлай жатқан рычагтан тұратын көліктік құрал доңғалағының аспасы.
- Телескопты аспа - көлік құралы доңғалағының бағытгаушы құрылғысы телескопты болып келген аспасы, бұл доңғалакка тек осы құрылғы осі бойымен гана айналуға мұмкіндік береді.
- Торсионды аспа - серпінді элементі торсион болып табылатын көлік доңғалағының аспасы.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.</ref>
Дереккөздер
<references/>