Аслан Есболайұлы Мусин
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Аслан Есболайұлы Мусин (2 қаңтар 1954 жылы, Ақтөбе облысы Алға ауданы, Бестамақ ауылында дүниеге келген) – Қазақстан Республикасының мемлекеттік және саяси қайраткері. 2012 жылдың күзінен бастап Қазақстан Республикасының бюджетті бақылау туралы есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
Өмірбаяны
- 1954 жылы Ақтөбе облысының Алға ауданы Бестамақ селосында дүниеге келген. Ұлты - қазақ.
- 1975 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә.Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>
- Институтты бітірісімен Ақтөбе санақ басқармасының Есеп орталығында мамандығы бойынша әртүрлі лауазымды қызметтерде жұмыс істеген.
- 1979 жылдың қаңтарынан 1991 жылдың қазан айына дейін ҚКП басқару орындарында нұсқаушы, бөлім меңгерушсі, ҚКП Ақтөбе облыстық комитетінің хатшысы қызметтерін атқарған.
- 1991-93 жылдары Монополияға қарсы күрес мемлекеттік комитетінің Ақтөбе облыстық департаментінің төрағасы.
- 1993-94 жылдары — Ақтөбе облысы әкімшілігі басшысының орынбасары, бірінші орынбасары — Экономика жөніндегі басқарманың бастығы.
- 1994-95 жылдары — Ақтөбе облыстық Экономика жөніндегі басқарманың бастығы.
- 1995-02 жылдары — Ақтөбе облысының әкімі.
- 2002-06 жылдары — Атырау облысының әкімі <ref>Указ Президента Республики Казахстан от 3 сәуір 2002 ж. № 841 О назначении Мусина А. Е. акимом Атырауской области</ref>.
- 2006 жылдың қазан айынан бастап ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі<ref>А.Е. Мусинді Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі қызметіне тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 4 қазандағы № 189 Жарлығы</ref>.
- 2007 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметін қоса атқарады.
- 2007 жылдың тамыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары.
- 2007 жылы 18 тамызында «Нұр Отан» партиясы тізімі бойынша Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі 4-шақырылымының депутаты.
- 2007 жылы 2 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Парламенті 4-ші шақырылым Мәжілісінің бірінші отырысында Мәжіліс төрағасы боп сайланады.
- 2008 жылы қазанның 13-інде Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы.<ref>Указ Президента Республики Казахстан от 13 қазан 2008 ж. № 671 «О назначении Мусина А.Е. Руководителем Администрации Президента Республики Казахстан»</ref>
- 2012 жылдың 21 қыркүйек күні Аслан Мусин Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалды <ref>Аслан Мусин Есеп комитетінің басшысы болып тағайындалды</ref>
Дереккөздер
<references/>
Санат:
- 2 қаңтарда туғандар
- 1954 жылы туғандар
- Алға ауданында туғандар
- Қазақстан мемлекет қайраткерлері
- Қазақстан саясаткерлері
- Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің төрағалары
- Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің депутаттары
- Қазақстан Президенті Әкімшілігінің басшылары
- Ақтөбе облысының әкімдері
- Атырау облысының әкімдері
- Қазақстанның Хорватиядағы елшілері
- Қазақстанның Черногориядағы елшілері
- Қазақстанның Босния және Герцеговинадағы елшілері
- Қазақстан премьер-министрінің орынбасарлары
- Қазақстан экономика министрлері