Аса (бұйым-таяқ)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Асасимволдық мәнді бұйым-таяқ: біріншіден, хандар мен төбе билер ұстанды. Екіншіден, деректерге қарағанда, діни ағымның көрнекті өкілдері (дәруіштер. диуаналар, сопылар, балгерлер, пірәдар қажылар, беделді қожалар және т.б.) тұтынған. Мысалы:

Қалқатай сен дегенде қуанамын, 
Еңкейіп жез шәйнекпен су аламын. 
Кеткенде аулың алыс, беу қалқатай, 
Қолында асасы жоқ дуанамын, 

- деп келетін қара өлең жолдарынан асаның диуаналар тұтынған атрибут екендігі аңғарылады. Бұл таяқтың практикалық қолданысынан гөрі иесінің қоғамдағы әлеуметтік статусын айғақтайтын символдық мәні басым болды. Яғни аталмыш әлеуметтік санаттардың статустық образдарының қажет атрибуттарының бірі деуге болады. Сонымен қатар, дәстүрлі мифопоэтикалық дүниетанымда пайғамбарлар мен әулие-әнбиелердің алып күштерінің және ғажайып сиқырлы қасиеттерінің айғақ-символы, әрі осы қасиеттерді жүзеге асыратын кұдіреті бар бұйым. Демек, фольклорлық дәстүрде тиісті сан алуан мифологиялық сюжеттерді құрайтын іргелі концепт-элементтің функциясын да атқарды.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Аса (бұйым-таяқ)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}