Асау көк

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Асау көк - қазақтың дәстүрлi ойыны.

  • Мақсаты: Қысты күні кешкі тамақтаң соң қонаққа ән салғызу, әңгіме-ертегі, жұмбақ немесе жаңылтпаш айтқызу мақсатымен

ұйымдастырылады.

  • Ойын шарты: Әуелі үй иелері ауылдың "алты ауызын" айтады да, одан кейін "қонақ кәдесі" деп, оның өнер көрсетуін өтінеді. Түк білмейтін қонақты айып ретінде Асау көкке мінгізіп, әжуа қылады. Бұл үшін үйдегі

екі діңгекке 1 м-дей биіктетіп арқан керіледі. Соған аттап мінген қонақ ештеңеге сүйенбей, ерсілі-қарсылы жүруі керек.

  • Ойынның мәні - өнерпаздыққа баулу.

Дереккөздер

  • Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том