Асар газ-мұнай кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Асар газ-мұнай кен орныМаңғыстау облысы Ақтау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 55 км жерден 1969 жылы ашылған кен орны.

Геологиялық құрылымы

Асар газ-мұнай кен орны солтүстік-батыс бағытта созылған, тектоникалық бұзылыс арқылы оқшауланған асимметриялық брахиантиклинальдық иілімді алып жатыр. Көлбеу жазықтықтағы өлшемдері 7 ×2,5 км. Юра шөгінділерінде орналасқан өнімді қабаттары құмтас пен алевролиттен тұрады.

Жатыс сипаты

Орта юра жүйесінің қимасында 9 өнімді қабат бар, оларда 16 кен шоғыры анықталған. Олар жарылымдармен, сұйық және газ өткізбейтін қабаттармен оқшауланған. Коллекторлардың кеуектілігі 18 – 21%, өткізгіштігі 0,009–0,046 мкм2, тиімді қалыңдығы 2,5-36 м. Бастапқы қабат қысымы 15,99-22,9 МПа, температурасы 70-90°С, ұңғыманың тәуліктік мұнай өнімділігі 4-04 м3.

Құрамы

Мұнайдың меншікті салмағы 0,857-0,905 г/см3, шайырлылығы 12,6-23,9%, парафин 18,8-22,6%, күкірті аз. Газдың құрамындағы метан 75 – 80%, ауыр көмірсутектер 11-20%, азот 4,24-8,08%, көмірқышқыл газ 0,17%. Кен орнынан 1973 жылдан мұнай мен газ өндіріледі.<ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы I том</ref> <ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Асар газ-мұнай кен орны|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}