Асанас
Асанас – орта ғасырлардан сақталған көне қала орны.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>Қызылорда қаласының оңтүстік-шығыс жағында 48 км жерде орналасқан. Жазба деректерде моңғол шапқыншылығынан бастап (1220) белгілі. Жауға табанды қарсылық көрсеткендіктен жермен жексен қиратылып, халқының көпшілігі қырылған. Сырдарияның бойындағы басқа да қалалар сияқты көп ұзамай қайта қалпына келтіріліп, 14–15 ғасырларға дейін болған. Алғаш 1899 жылы В.А.Каллаур, кейінірек 1960–1961, 1968 жылы Хорезм археология-этнография экспедициясы (Н.Н.Вактурская) зерттеген. Қала орны Асанас өзеннің құрғақ арнасы бойында орналасқан.
Цитадельінің аумағы 40х50 м, айналадағы деңгейден биіктігі 14 м. Орталық бөлігін қоршай орналасқан шаһристанның үлкен қабырғасы 300 м, кіші қабырғасы 200 м. Қорған қалдығының ені 15 м, биіктігі 5 м. Қазба кезінде жиналған қыш ыдыстар мен басқа да археология материалдар қаланың 6–15 ғасырлар аралығында болғанын көрсетеді.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
ISBN 5-89800-123-9</ref><ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы.
«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify