Асаймұса (скипетр)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Асаймұса - еуропалық билік дәстүріндегі скипетр дегенге келеді. Қазақы ортада бұл заттың нақты қолданысы жөнінде деректер жоқтың қасы. Есесіне асаймұса жөнінде сан алуан мифтік және аңыздық сюжеттер кездеседі. Мифопоэтикалық түсінік бойынша, ерекше тылсым қасиетке ие қысқа таяқ сияқты бұйымның атауы. Атына қарағанда, Мұса пайғамбардың асасы деген ұғымды білдірсе керек.

Қызырдың алып батасын, 
Мұсаның тұттым асасын, 
Шарапат бар бұйымда 
Пәлекет шайтан қашатын, 

- деп келетін байырғы діни сарында жазылған өлең жолдары осыны меңзейді.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub