Арысқұм
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Арысқұм – Тұран ойпатының солтүстігіндегі құмды алқап. Сырдария ауданының солтүстігінде, Бетпақдала шөлінің оңтүстік - батысындағы Арыс қаласы қазаншұңқырында жайласқан. Теңіз деңгейінен ең биік жері 170 м, ұзындығы 95 км, ауданы 2,26 мың км². Жер бедерінде ұзындығы 5 – 6 км болатын қырқалы құм төбелер кездеседі. Оңтүстігінде сусымалы құмды төбелер қалыптасқан. Құм төбелер мен қырқаларда сексеуіл, жусан, селеу, еркекшөп, көктем айларында эфемерлі өсімдіктер, ойпаңдау жерлерінде баялыш, бұйырғын, теріскен өседі. Құмды алқап қыста жергілікті мал жайылымына пайдаланылады.
Дереккөздер
“Қазақ Энциклопедиясы”, I-том