Арыстанбай Айбасұлы
Арыстанбай Айбасұлы<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref> (1693, қазіргі Ақтөбе облысы, Ырғыз — 1748) — батыр. Руы — Шөмекей. Жастайынан Әбілқайыр ханмен дос болып өскен. Ханның жауапты тапсырмаларын атқарған. Арыстанбайдың сыртқы жаулармен 1722 — 1729 жылдары болған соғыстарда атағы шығады. Кіші жүздің (Майтөбеде) Ресейге бодандыққа қол қоюына қатысқан. Әбілқайыр ханмен бірге Барақ сұлтанның қолынан қаза тапқан 40 сарбаздың ішінде Арыстанбай да бар. Т.Ізтілеуовтің жырында, Ә.Кекілбаевтің “Елең-алаң” романында Арыстанбайның көркем тұлғасы жасалған. <ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Bio-stub Үлгі:Wikify