Арынғазы сұлтанның қозғалысы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Арынғазы сұлтанның қозғалысы (1816 — 21) — Қазақ хандығын қайта орнатуға жасалған әрекет. Кіші жүзге хан болып сайланған алғашқы күннен (1816 ж. сәуір) бастап Арынғазы хан Қазақстанды Ресейден бөліп алып, дербес Қазақ хандығын қайта құру саясатын ұстанды. Кіші жүз бен Орта жүзді біріктіріп, Орта Азия хандықтарының үлгісімен ортақ мемл. орнатуға сұлтандар мен ақсүйектерді көндірді. Оның бұл ойын халықтың барлық бөлігі қолдады. Орта Азия хандықтары да Арынғазыға қолдау көрсетті. 1821 ж. патша үкіметі келіссөз жүргізу желеуімен Арынғазыны С.-Петербургке шақырып алып, тұтқындап, Калугада ұстады. Отаршылдық езгіге қарсы күрес шежіресінде үлкен орын алатын А. с. қ. тарихи әдебиетте әлі жеткілікті дәрежеде зерттелмей келеді.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Арынғазы сұлтанның қозғалысы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}