Арынды (артезиан) гидрогеологиялық жүйелер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Арынды (артезиан) гидрогеологиялық жүйелер сіңбелік (инфильтрациялық) және элизиолық түрлерге бөлінеді.

Сіңбелік жүйелер

Ауқымында атмосфера суы су сіңіретін тау жынысытар жер бетінде ашылымданған ауданда, яғни қоректену алқабында жауғанда, өтімді қабатқа сіңеді. Атмосфералық ылғал біртіндеп тереңге еніп, қабатты толық қаныктырады. Қабат бойынша жылыстаған су оның жер бетіне шығатын бөлікшелеріне жетіп, жерасты суының қайнар көздерін жасайды. Бұл жерлер қабат суыныц арылу немесе сорғу (дренаж) алқабы деп аталады. Бедер мен қоректену және арылу алқаптарының биіктік жағдайына байланысты, алаптың ең төмен ойысқан орталық бөлігінде арын жаралуға, яғни қысымның ықпалымен судың өз бетінше ағып шығуына жағдай туындауы мүмкін.Сонымен, алаптың орталық бөлігінде арын алқабы пайда болып, су оның ауқымында ұңғымадан бұрқақ түрінде атқып шығуға қабілетті болады. Судың атқылау биіктігі ұңғыманың қоректену мен дренаж алқаптарына қатысты және гидростатикалық деңгейіне байланысты.

Элизиолық жүйелер

Қабатаралық су басқаша жолмен де жаралуы мүмкін. Алап ұзақ уақыт бойы ойысқан кезде, оны қүрайтын шөгінді тау жынысытарбіртіндеп жоғары қысым алқабына түседі. Мұнда артық су сығылып шығады да тау жынысытардың кеуектері мен жарықшақтарын толтырады және тіпті арын туындайды. Қысымның ықпалынан едәуір су мөлшерін беруге қабілетті тау жынысытардың ең өзіндік типіне сазды шөгінділер жатады, олардың ылғалсыйымдылығы үлкен болады. Артық су астындағы (және үстіндегі) тау жынысы-коллекторларға түсіп, олар арқылы жоғары, яғни қысымы төмен алқаптарға жылыстап көтеріледі. Сонымен, егер сіңбелік (инфильтрадиялық) жүйеде қабатаралық судың қозғалысын (қоректену алқабынан арылу алқабына қарай) ауырлық күші анықтаса, ал элизиолық жүйелерде су төменнен жоғары қарай - алаптың ең көп ойысқан бөлігінен оньгң шеттеріне қарай жылыстайды.Осы екі жағдайда да қабатаралық су өте баяу жылыстайды. Оны өзендер мен ашық сушаралардағы судың ағысымен салыстыруға келмейді. Қабатаралық судың ағу жылдамдығы әдетте жылына бірнеше м-ден аспауы мүмкін. Оның жылыстауы қабат-коллектордың сүзілу қасиеттерімен анықталады.

Гидростатикальқ (пьезометрлік) арын

Арын алқабының басқа сипаттамасына гидростатикалық (пьезометрлік) арын жатады. Ол сулы горизонт жабынынан пьезометрлік деңгейге дейінгі су бағанасының биіктігін айтады. Пьезометрлік деңгей м-мен өрнектеледі.<ref>Байбатша Ә.Б.Жалпы геология (Жер динамикасы): Оқулық.Алматы: ҚазҰТУ. -364 б. Сурет- 132. Кесте-30. Әдебиеттер тізімі 15 атay. ISBN 987-601-228-001-2</ref>

Дереккөздер

<references/> География

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}