Артқы сілекей бөлу орталығы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Артқы сілекей бөлу орталығы (Үлгі:Lang-grc) - сопақша мидың сұр затында, ми жүйкелерінің IX жұбы - тілжұтқыншақ жүйкесінің ядросы маңында орналасады. Орталықтың нейроциттері аксондарынан түзілген түйінадцы (преганглионды) жүйке талшықтары тілжұтқыншақ жүйкесі құрамында мидан шығып, жырымдалған тесік маңындағы құлақтық ганглий (Үлгі:Lang-grc) нейроциттерінің дендриттерінде аяқталады. Қүлақтық ганглий нейроциттерінің аксондарынан түзілген түйінсоңы (постганглионды) жүйке талшықтары — құлақтүбі (шықшыт), ұрт және ерін сілекей бездерін жүйкелендіреді.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub