Артық ханзада

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Артық Сарыханұлы - қыпшақ ханы, әйгілі қолбасы, батыр. Шамамен 11 ғасырдың 2 -жартысы - 12 ғасырдың 1 -жартысында өмір сүрген. Орыс жылнамаларында "половецтердің Шарукан (Сары хан) әулетінен шыққан Отрок хан" деп те аталады. Ержүрек қыпшақ жауынгерлерін көрші елдердің билеушілері өздерінің таңдаулы әскери жасағына айналдыру дәстүрі әбден орныққан заманда Мысыр, Византия, Венгрия, Еуропа мен Азия елдерінің билеушiлері қыпшақтарды қалқан етіп ұстап, қаһарлы күш ретінде пайдаланды. Артық ханзада 1116 - 1117 жылы Киев князі Владимир Мономахтың әскерімен кескілескен ұрыс жүргізді. 1118 жылы Грузия патшасы Давидтың арнайы шақыруымен қыпшақ ханы Артық 45 мың сарбазы Дәуіттің 15 мың әскерімен бірігіп, 300 мыңдық парсы әскеріне соққы берді. Грузия ұлттық тәуелсіздігін алды. Артық Тұрантоқты атты қызын Дәуітке берді. Кавказ тауында 8 жыл тұрып Дешті Қыпшаққа қайтты. Артықтың ұлы Қоншақ "Игорь жасағы туралы жырдың" басты кейіпкері.