Артур Чарльз Кларк

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Copyedit Үлгі:Infobox Writer Сэр Артур Чарлз Кларк (1917 желтоқсанның 16, Майнһед, Сомерсет, Құрама Патшалық2008 наурыздың 19, Коломбо, Шри-Ланка) — ағылшын рыцарлық нышанына ие ағылшын өнертапқышы және ғылыми фантастика жазушысы.

Ол жазған 2001: Ғарыш одиссеясы ғылыми фантастикалық романымен және қоюшы-директор Стенли Кубрикпен бірге жасаған осы аттас фильмімен атақты. Кларк, Роберт Һайнлайн және Айзик Азимовпен бірге ғылыми фантастиканың «үш ұлы жазушысының» бірі болып саналады.

Өмірі

Кларк, Англияның Сомерсет уәлаятының Майнһед жағалау қалашығында туған. Бала кезінен аспан әлемін бақылағаннан және ескі американ ғылыми фантастика журналдарын оқығаннан ұлы әсер алған Кларк, лицейді бітіргеннен соң, Ричард Һуиш университетінде оқи бастады, бірақ материалдық мәселелер себебінен (университет оқуын шығынын қиындық көргендіктен) сол оқу орнында тексеруші болудан жұмыс істей бастады.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде, корольдық әскери әуе күштері құрылымында радар технигі болып қызмет атқарды. Британия шайқасы кезінде корольдық әскери әуе күштері дамытқан "ерте радар дабыл жүйесі" бағдарламасында қызмет етіп, соғыстың бітісімен әскерден лейтенант атағымен отставкаға шықты. Соғыстың соңынан түскен "King's College" оқу орнының математика және физика бөлімін үздік бітірді. Соғыстан кейінгі жылдарда Кларк, Ағылшын Ғаламшараралық қоғамына мүше болып, және бірнеше жыл осы ұйымның жетекшілігін атқарды. Ғаламшарды қоршап тұрған телекоммуникация серігі торын ұйымдастырылуы үшін керекті геостационарлық серік ойын ұсынды.

Балалық шағында шалдыққан ауру себебінен шамамен 30 жыл бойы дөңгелекті орындық қолданған Кларк, 50 жыл бойы өмір сүрген Шри Ланкада, қайтыс боларынан 4 күн бұрын ауруханаға жатқызылды; бірақ 19 наурыз 2008 күні, тыныс алу жеткіліксіздігі себебінен көз жұмды<ref name="medya">Medyatava - "Bilim kurgu yazarı Clarke öldü" [1]</ref>.

Түсіндірмелер

Үлгі:Reflist

Сыртқы сілтемелер