Арнасай бөгені

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Арнасай бөгені Есіл алабында Аршалы ауданындағы Арнасай аулының жанында, Астана қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 74 км жерде орналасқан. Су айдынының аумағы — 60,7 км², ұзындығы — 11,2 км, енді жері — 9,8 км, орташа тереңдігі — 6,3 м, ең терең жері — 25 м. Су сыйымдылығы – 410 млн м³, су жиналатын алабы — 447 км², жағалау бойының ұзындығы — 80 км. Суы егістік суаруға (3,7 мың га), жайылымдарды суландыруға және өнеркәсіп кәсіпорындарын сумен қамтамасыз етуге пайдаланылады. Арнасай бөгені Астана қаласын ауыз сумен қамтамасыз ететін басты су көзі саналады.

Дереккөздер

"Қазақ Энциклопедиясы"

Үлгі:Stub Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала