Арлану

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Арлану адамның өз оғаш қылығына намыстанып, ұятсынуы. Арлы болу жарасымды сипат. “Жарлы болсаң да арлы бол”, — дейді қазақ мақалы. Бұл, көбінесе, қайсар, табанды, ержүрек, көздеген мақсатына жетпей тынбайтын адамдарға тән қасиет. А. — адамның өз мініне күйінуі, жаңсақ басқан қадамы үшін өзін-өзі жазғырып, өкінуі, ренжуі секілді көңіл-күйінің өзгеруінен байқалады. Ар-ұятты қастерлеу, намысқойлық — жұртшылық алдында өз жауапкершілігін арттыруға жәрдемдеседі. А. адамды іштей тебіренте толғандырып, қоғам алдында арын таза ұстауға, оған дақ түсірмеуге, азаматтық борышын адал, мінсіз атқаруға итермелейді.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}