Аркатаг

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тау Аркатаг немесе Пржевальский (қыт. 阿尓格山, Үлгі:Lang-ug арка «арқасы», таг «тау») - Қытайдағы Куньлуньның орталық бөлігіндегі тау жотасы.

Тау жотасы Тибет автономды ауданымен Синьцзян-Ұйғыр автономды ауданын бөледі. Ұзындығы - 650 км, ең биік шыңы - Улуг Музтаг (биіктігі 6973 м). Негізінен гранит, гнейс, құм қайырдың тұнбасынан түзелген. Басында көп жылдық қар мен мұз жатады.

Солтүстік беткейінде алтын кендері бар.

Аркатагты алғаш зерттеген - орыс саяхатшы Николай Михайлович Пржевальский. 1884 жылы саяхатшы тау жотасын зерттеп, атын "Жұмбақты" («Загадочный») деп қойған. Географиялық қоғам 1886 жылы ғалымның еңбегін елеп, оның құрметіне жотаны Пржевальский деп атады.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

  • Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том

Сыртқы сілтемелер