Арзамас
Арзамас - Ресейдегі Нижний Новгород облысындағы қала, аудан орталығы, темір жол стансасы, тас жол торабы.
Теши озенінің оң жағасында, облыс орталығынан 112 км қашықтықта орналасқан. мәскеуден қашықтығы - 412 км.
Қаланың құрылған уақыты ресми деректерде 1578 жыл болып саналады. Шынайы, қала 1552 жылы Иван Грозный бекет ретінде негіздеген.
1978 жылы шаруашылықтағы, мәдениетте жетістіктер үшін және қаланың 400 жылдық мерейіне Арзамас "Құрмет белгісі" орденімен марапатталған.
Халқы105 344 адам (2013 жылғы мәлімет бойынша).
Машина жасау, ликер-арақ, сыра, құрылыс бұйымдарың шығаратын зауыттар, былғары аяқ-киім фабрикасы бар.
Қалада Педагогикалық институт, Нижегородский политехникалық институтының кешкі бөлімі, ауыл шаруашылығын механизациялау , электрлендіру және кооперация колледждары бар.
Арзамастан шыққан атақты адамдар
- Алёна Арзамасская (? - 1670) — Степана Разиннің серік әйелі.
- Патриарх Сергий (Страгородский Иван Николаевич) (11.01.1867 - 15.05.1944) — 12-ші Мәскеу және Ресей Патриархы (1943 - 1944).
- Максим Горький — орыс жазушысы, 1902 жылы Арзамаста айдалуда болған.
- Аркадий Петрович Гайдар — орыс жазушысы.
- Валерий Николаевич Барынин (25.03.1950) — кеңес одағының артісі, әнші, ақын, композитор, суретші.
- Василий Порфирьевич Вахтеров (13.01.1953 - 3.04.1924) — белгілі ресей педагогі, ғалым, бастауыш мектебінің методисті, білім жүйесінің қайраткері.
- Михаил Петрович Коринфский (1788 - 22.06.1851) — орыс архитектор.
- Александр Васильевич Ступин (13.02.1776 - 31.07.1861) — суретші, педагог.
- Мария Семёновна Жукова (1805 - 14.04.1855) — орыс жазушысы.
- Светлана Геннадьевна Демиденко (1976) — таумен жүгіруінен әлем Чемпионы (2002) және Еуропа Чемпионы (2001, 2002).
Арзамастың 11-шы мөлтекауданы.
Қала көріністері
- Arzamas. Near heritage building of Magistrat.jpg
- Арзамасская дума.jpg
- Arzamas The bus LiAZ-677 IMG 9676 1725.jpg
- Stupin monument in Arzamas.JPG
- Arzamas Resurrection Cathedral IMG 9666 1725.jpg
- Arzamas. Kazanskaya Church.jpg
- ArzamasPolitechI.JPG
- Arzamas. Heritage houses at Stupin Streets.jpg
Дереккөздер
<references/>
- Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том